Корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтері, сондай-ақ басқа активтерін басқаруында мамандандырылған қаржы ұйымы болып табылады.

Корпорация қызметінің негізгі бағыты активтерді басқару тиімділігін арттыру және ұзақ мерзімді кезеңде активтердің кірістілігін ұлғайту болып табылады.

Корпорация өз мақсаттарына жету үшін 10-20 жылға  инвестициялар шегімен халықаралық қаржы нарықтарына дәстүрлі және баламалы активтерге инвестициялауды және активтерді сенімгерлік басқарумен байланысты басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырады.

Корпорацияны құру Қазақстан Республикасының халықаралық активтерінің кірістілігін және одан әрі әртараптандыру қажеттілігін  арттыру мақсатында халықаралық активтерін басқару тұжырымдамасы мен құрылымының сапалы өзгеруі бөлігінде жаңа әлемдік  экономикалық  шынайлыққа қажетті қадамы болып табылады.

Корпорация Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  Төрағасының бастамасы бойынша және Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі бойынша құрылды.

 

Сыртқы басқарушыларды таңдау жөнінде тендерлер


Cыртқы басқарушыларды таңдау жөнінде жарияланған тендерлер жайлы ақпарат Жаңалықтар және пресс-релиздер бөлімінде орналасқан.