You are here

Баламалы құралдарға инвестициялар

Баламалы құралдар – кірістілік, тәуекелдердің жоғары көрсеткіштеріне ие және өтімділігі төмен дәстүрлі қаржы құралдарынан ерекшеленетін инвестициялық өнімдер. Баламалы құралдар мыналардан тұрады: жеке капитал, хедж-қорлар, жылжымайтын мүлік, инфрақұрылымдық инвестициялар және басқа да активтер.

Жеке капиталға инвестициялар биржада баға белгіленбейтін жеке компанияларға инвестициялау негізгі қызметі болып табылатын активтерді басқару бойынша қорлар мен  компанияларға инвестициялауды білдіреді.

Жеке капиталдың негізгі стратегиясына сатып алу (Buyout), өсу (Growth) және мезонинді қаржыландыру (Mezzanine) стратегиясы мен басқа стратегиялар, оның ішінде жоғарыда аталған стратегиялардың комбинациясы жатады.

Сатып алу қорлары дамудың кейінгі сатысындағы ірі компанияларды көздейді. Әдетте,  мәмілелер  борыштық капиталды тарту арқылы ішінара қаржыландырылады. Қордың мақсаты - компания акцияларын бақылау пакетін  сатып алу және одан кейін алып-сату.

Өсу капиталы қоры жергілікті немесе сыртқы нарықта өктемдік ету үшін не  органикалық өсуді қаржыландыру үшін немесе бәсекелес компанияларды сатып алу үшін қосымша капиталды қажет ететін компанияларға инвестицияланады.   

Мезонинді қаржыландыру - жобаларды қаржыландырудың  кредитор бір мезгілде инвестор болып табылатын және қарапайым банк қаржыландырумен салыстырғанда жоғары тәуекелдерді көтеретін түрі.

Хедж-Қорлар – тұлғалардың ауқымды тобы қол жеткізе алмайтын және кәсіби инвестициялық басқарушы басқаратын инвестициялық қорлар. Мыналар хедж-қорлардың негізгі стратегиялары болып табылады:

GlobalMacro– түрлі елдерде маңызды экономикалық және саяси өзгерістерде салыстырмалы түрде өтімді болып табылатын пайыздық ставкалардың, акциялардың бағалардың, валюталар және басқа қаржы құралдарының өзгеруіне мамандандырылатын стратегия.

GlobalMacro стратегиясы сияқты EventDriven жоғары құбылмалық деңгейде жоғары кірістілікті береді. Бұл стратегия нарықта тәуекелдігі жоғары бағалы қағаздарды анықтау, төрелік қосылу және қызығушылық мүмкіндігі сияқты «белгілі бір жағдайлар» туындағанда сәтті болады.

Long/ShortEquity. Бұл стратегия акцияларда эмитент еліне шектеусіз ұзын және қысқа позицияларды ашуға негізделген. 

ManagedFutures стратегиясы шикі материалдар және фьючерстік келісім-шарттар арқылы маманданады, бұл тұрғы нақты жазылған құралдарды таңдау қағидалары бар қазіргі заманғы компьютерлік трейдингтік бағдарламаларды пайдалануға негізделген.   

FixedIncomeArbitrage стратегиясы облигациялар нарығында төрелік мүмкіндіктерден пайда табуға негізделеді. Бұл стратегияны пайдалана отырып инвестор бар баға ауытқуларынан пайданы болдырмайды, бұл ретте пайыздық тәуекелді шектейді.

MultiStrategy- стратегиясы – бір уақытта әртүрлі стратегияларды пайдаланатын инвестициялық тұрғы, мысалы ұзын және қысқа позициялардан пайда алу, трейдингтік жүйелердің трендтерді және басқа да әртүрлі стратегиялардың «ізіне түсу» ретінде пайдалану.

Инвестициялық жылжымайтын мүлік – бұл жалдау төлемдерін, капитал құнының өсуінен кіріс немесе екеуінде алу мақсатында оның (қаржылық жалдау шарты бойынша меншік иесінің немесе жалдаушының) қарауындағы мүлік (жер немесе үй, не үйдің бір бөлігі не екеуі де).

Инфрақұрылым – бұл күнделікті өмірді және қоғамдағы экономикалық белсенділікті ұстанатын негізгі ғимараттар кешені. Оған жолдар, электр және сумен қамту жүйелері, телекоммуникация жүйелері, сондай-ақ қоғамдық көлік кіреді.  

Инвестицияны тарату географиясына Солтүстік Америка, Еуропа, Азия-Тынық мұхиты аймағы және даму нарығы елдері.