You are here

«Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ «Хедж қорлардың қоры» мандаты бойынша сыртқы басқарушыларды таңдау жөнінде тендер жариялайды.

08 February 2013, 11:08

Тендер туралы қысқаша мәлімет


Сыртқы басқарушыларға жарияланған мандат туралы жалпы мәлімет:

1.    Сыртқы басқарушыларға жарияланған мандат туралы қысқаша ақпарат:

«Хедж қорлардың қоры».

  • Бұл мандат бойынша global macro, event driven, credit, long/short equity, multi strategy, fixed income arbitrage және managed futures/CTAs стрегияларына ғана инвестициялайтын сыртқы басқарушылар қарастырылады.
  • Бір сыртқы басқарушының мандат көлемі шамамен 50-150 млн. АҚШ долларын құрайды.

 

2.    Сыртқы басқарушыларға қойылатын міндетті критерийлер:

  • Сыртқы басқарушының хедж қорларына ивестициялау жұмыс тәжірибесі 5 (бес) жылдан кем болмауы тиіс.
  • Сыртқы басқарушының басқаруындағы активтердің мөлшері 5 (бес) миллиард АҚШ долларынан кем болмауы тиіс.    

 

Осы тендерге қатысуға ниет білдірген және жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін басқарушы компаниялардың сауалнаманы төменде көрсетілген тендер өткізуге жауапты тұлғалардан сұрап алу мүмкіндіктері бар.

Әлеуетті сыртқы басқарушылар толтырылған сауалнаманы 2013 жылдың 28 ақпанына дейін тендер өткізуге жауапты тұлғалардың электронды пошталарына және келесі мекенжайға жіберуі тиіс: Қонаев көшесі, 181-үй, Алматы қ., Қазақстан, 050010.

Тендер өткізуге жауапты тұлғалардың байланыс ақпараттары:

Пазылдаева Дана Пернебекқызы, Балама инвестициялар департаментінің аналитигі,

тел.: +7 (7272) 449500, ішкі. 1184, эл. пошта: pazyldayeva@nic.nationalbank.kz

Найзабеков Тимур Құрмангазыұлы, Басқарушы директор, Балама инвестициялар департаменті,  

тел.: +7 (7272) 449406, эл. пошта: naizabekov@nic.nationalbank.kz

 

Көшірмені: nic@nic.nationalbank.kz

показать все новости>>