You are here

«Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ «Жеке капитал қорлардың қоры» мандаты бойынша сыртқы басқарушыларды таңдау жөнінде тендер жариялайды.

08 February 2013, 10:45

Тендер туралы қысқаша мәлімет


Сыртқы басқарушыларға жарияланған мандат туралы жалпы мәлімет:

1.    Сыртқы басқарушыларға жарияланған мандат туралы қысқаша ақпарат:

«Жеке капитал қорлардың қоры».

  • Бұл мандат бойынша АҚШ, Еуропа, Азия және басқа (ТМД елдерінен өзге) шет елдерінің бастапқы, қайталама және мезониндық жеке капитал қорларына инвестициялаған сыртқы басқарушылар қарастырылады. Buy-outs, growth және special situations инвестициялық стратегиялары қарастырылады.     
  • Бір сыртқы басқарушының мандат көлемі шамамен 50-150 млн. АҚШ долларын құрайды.

 

2.    Сыртқы басқарушыларға қойылатын міндетті критерийлер:

  • Сыртқы басқарушының жеке капитал қорларына ивестициялау жұмыс тәжірибесі 10 (он) жылдан кем болмауы тиіс.
  • Сыртқы басқарушының басқаруындағы активтердің мөлшері 5 (бес) миллиард АҚШ долларынан кем болмауы тиіс.

 

Осы тендерге қатысуға ниет білдірген және жоғарыда көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін басқарушы компаниялардың сауалнаманы төменде көрсетілген тендер өткізуге жауапты тұлғалардан сұрап алу мүмкіндіктері бар.

Әлеуетті сыртқы басқарушылар толтырылған сауалнаманы 2013 жылдың 28 ақпанына дейін тендер өткізуге жауапты тұлғалардың электронды пошталарына және келесі мекенжайға жіберуі тиіс: Қонаев көшесі, 181-үй, Алматы қ., Қазақстан, 050010.

Тендер өткізуге жауапты тұлғалардың байланыс ақпараттары:

Өтегенова Айдана Мақсұтқызы, Балама инвестициялар департаментінің аналитигі,

тел.: +7 (7272) 449407, эл. пошта: utegenova@nic.nationalbank.kz

Бектепов Ер-Иман Серікұлы, Балама инвестициялар департаментінің аналитигі,

тел.: +7 (7272) 449500, ішкі. 1151, эл. пошта: bektepov@nic.nationalbank.kz

Найзабеков Тимур Құрмангазыұлы, Басқарушы директор, Балама инвестициялар департаменті,  

тел.: +7 (7272) 449406, эл. пошта: naizabekov@nic.nationalbank.kz

 

Көшірмені: nic@nic.nationalbank.kz

 

показать все новости>>