You are here

Тарихы

Мамыр 2012 ж.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамын құруды мақұлдау туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы №180 қаулысы.

Маусым 2012 ж.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамын Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеу.

Тамыз 2012 ж.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінде «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық  корпорациясы» акционерлік қоғамының акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу.

Қазан 2012 ж.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы №180 қаулысына сәйкес және акционердің Шешімдеріне сәйкес Директорлар кеңесінің және Басқарманың құрамы қалыптасты. «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық  корпорациясы» акционерлік қоғамы қызметін ресми жүзеге асыруға кірісті.

Желтоқсан 2012 ж.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық  корпорациясы» акционерлік қоғамына бағалы қағаздар рыногында инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия берді.