2018
15 тамыз

Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық Инвестициялық Корпорациясы басқаратын ҚР Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің альтернативті құралдарының портфелін толықтырудың бірінші траншы жасалды.

7 мамыр

ҚРҰБ алқасы баламалы құралдар портфелін құру кезінде Reference portfolio тәсілдемесіне өтуге байланысты жаңа мазмұндағы Балама құралдар портфелін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекітті және ҚР Ұлттық Банкінің алтынвалюта активтерінің балама құралдарының портфелін толықтыру туралы шешім қабылдады.

3 мамыр

Жылжымайтын мүліктерге инвестициялау  бағдарламасы бойынша алғашқы аударымның жүзеге асырылуы.

 
6 сәуір

Жылжымайтын мүліктерге инвестициялау бағдарламасы бойынша стратегиялық серіктеспен (қорлар қорының басқарушысымен) келісімге қол қойды.

6 наурыз

«Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ-ның ILPA-ға (Institutional Limited Partners Association) мүшелік етуі туралы шартқа қол қойылды.

2017
1 наурыз

«Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ-ның Даму тұжырымдамасы мен инвестициялық перспективалары бекітілді.

2015
23 қазан

Жеке меншiк капиталға инвестициялау бағдарламасы бойынша алғашқы аударымның жүзеге асырылуы.

31 шілде

Хедж-фондтарға инвестициялау бағдарламасы бойынша алғашқы аударымның жүзеге асырылуы.

15 шілде

Хедж-қорлары қорының басқарушысымен келісімге қол қойды.

2014
26 желтоқсан

«Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ-ның IFSWF (Тәуелсіз әл-ауқат қорларының халықаралық форумына) мүшелік етуі туралы шартқа қол қойылды.

18 желтоқсан

Жеке меншік қорларының қорын басқарушымен келісімге қол қойылды.

11 қыркүйек

«Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ мен “CROSAPF” (Co-Investment Roundtable of Sovereign and Pension Funds) арасында Өзара түсінісу меморандумына қол қойылды. 

2013
5 ақпан

ҚРҰБ Басқармасы ҚРҰБ-нің алтынвалюта активтерінің балама құралдары портфелін басқару бойынша инвестициялық стратегияны бекітті.

2012
8 қазан

«Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ 2012 жылғы 25 мамырдағы № 180 қаулысының негізінде қызметін ресми түрде жүзеге асыра бастады.

25 мамыр

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының № 180 қаулысымен «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ-н құру мақұлданды.