Балама құралдар – дәстүрлі қаржылық құралдардан табыстылықтың, тәуекелдердің  жоғары көрсеткіштерімен және төмен өтімділігімен ерекшеленетін инвестициялық өнімдер. 

Жеке капиталға инвестициялау

Негізгі қызметі биржада бағасы белгіленбейтін жеке компанияларға инвестициялау болып табылатын активтерді басқару бойынша қорлар мен компанияларға инвестициялау.

Жеке капиталдың негізгі стратегияларына сатып алу (Buyout), өсім (Growth) және мезониндік қаржыландыру (Mezzanine) және басқа да стратегиялар, соның ішінде жоғарыда көрсетілген стратегиялардың комбинациялары жатады.

  • Сатып алу Қорлары дамудың кейінгі кезеңіндегі ірі компанияларға бағытталған. Әдеттегідей, мәмілелер борышкерлік капиталды  жұмылдыру жолымен ішінара қаржыландырылады. Қордың мақсаты - компания акцияларының бақылау пакетін сатып алу және әрі қарай оны қайта сату.

  • Өсім Капиталының Қорлары жергілікті немесе сыртқы нарықтарда экспансиялау немесе органикалық өсімді қаржыландыру немесе бәсекелес компанияларды сатып алу үшін қосымша капиталды қажет ететін компанияларға инвестициялайды.

  • Мезониндік Қаржыландыру – кредитор біруақытта инвестор болып табылатын әрі қарапайым банктік қаржыландырумен салыстырғанда жоғары тәуекелді өзіне артатын жобаларды қаржыландыру түрі.

 

Хедж-Қорлар 

Қатардағы тұлғалардың көбіне қол жетімсіз және кәсіби инвестициялық басқарушымен басқарылатын инвестициялық қорлар.

  • Global Macro – түрлі елдерде едәуір экономикалық және саяси өзгерістер кезінде салыстырмалы өтімді болып табылатын пайыздық мөлшерлемелер, акция бағалары, валюталар және басқа да қаржы құралдарының өзгеруіне мамандандырылған стратегия.
  • GlobalMacro стратегиясы сияқты EventDriven жоғары деңгейлі құбылмалылық кезінде жоғары табыстылық әкеледі. Бұл стратегия жоғары тәуекелі бар бағалы қағаздарды анықтау, арбитраждық қосылу және жұтылу сияқты «белгілі бір жағдайлар» туындаған кезде сәтті болып табылады.

  • Long/Short Equity.  Бұл стратегия эмитент еліне акциялардың ұзақ және қысқа позицияларын шектеусіз ашуға негізделген.

  • Managed Futures  Стратегиясы шикізаттық материалдар мен фьючерлік шарттарға мамандандырылған, тәсілдеме құралдар таңдаудың нақты жазылған ережелері бар заманауи компьютерлік трейдингтік бағдарламаларды пайдалануға негізделген.

  •  Fixed Income Arbitrage Стратегиясы облигациялар нарығында арбитраждық мүмкіндіктерден кіріс алуға негізделген. Бұл стратегияны қолдана отырып, инвестор қолдағы бар бағамдық ауытқулардан пайда табады және бұл жағдайда пайыздық тәуекелді шектейді.

  • Multi Strategy Стратегиясы – біруақытта түрлі стратегияларды қолданатын инвестициялық тәсілдеме, мысалы ұзақ және қысқа позициялар бойынша кіріс алу, трендтерді және басқа да түрлі стратегиялардың «ізіне түсу» сияқты трейдингтік жүйелерді пайдалану.

 

Инвестициялық жылжымайтын мүлік

Жалға беру төлемдерін алу, капитал құнының өсімінен табыс алу немесе біріншісі мен екіншісінде алу мақсатындағы (жеке меншік иесі немесе қаржылық жалға алу шарты бойынша жалға алушының) иелігіндегі мүлік (жер немесе ғимарат, немесе ғимарат бөлігі, немесе біріншісі мен екіншісі).

 

Инфрақұрылым

Күнделікті өмір мен қоғамдағы экономикалық белсенділікті қолдап отыратын негізгі құрылыстар кешені. Оған жолдар, электр- және су жабдықтары, телекоммуникациялық жүйелер, сонымен қатар, қоғамдық көлік кіреді.

Инвестицияларды бөлу географиясына Солтүстік Америка, Еуропа, Азия-Тынық мұхиты аумағы мен дамушы нарық елдері кіреді.