ҰИК балама құралдарының портфелін құру және басқару кезінде Reference portfolio тәсілдемесі қолданылады.

Reference portfolio тек ғана өсім активтері (Growth факторы) және тиянақталған табыс активтері (Income факторы) деп аталатын дәстүрлі кластардан тұратын қарапайым, аз шығынды әрі пассивті портфель болып табылады.

Reference portfolio құрамын белгілеу барысында инвестор үшін түйінді шешім – Growth активтері үлесінің Income активтерінің үлесіне арақатынасын орнату болып табылады, бұл инвестордың тәуекел аппетитімен оның мандатына сәйкес белгілінеді. Инвестордың тәуекел-аппетитінің деңгейіне байланысты, бұл арақатынас  өзгеруі мүмкін. Мысалы, инвестордың тәуекелге шыдамдылығы неғұрлым төмен болса (консервативтік тәсілдеме), оның инвестициялық портфелінде Income активтерінің үлесі соғұрлым жоғары болады немесе керісінше, оның тәуекел-аппетиті неғұрлым жоғары болса, тиісінше оның инвестициялық портфелінде Growth үлесі соғұрлым жоғары болады. ҚР Ұлттық Банкімен бекітілген Reference portfolio таргеттелетін параметрлері келесі түрде:

  • акциялардың ғаламдық индексінен 80 (сексен) пайыз;
  • облигациялардың ғаламдық индексінен 20 (жиырма) пайыз.