Reference portfolio-ның ұзақ мерзімді перспективасындағы құбылмалылық ҰИК үшін негізгі тәуекел-параметрі болып табылады. Қысқа және орташа мерзімді перспективада Reference portfolio тәуекелінен ауытқуға жол беріледі.

ҰИК тәуекелдерін басқару жүйесі келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Сәйкестендіру;
  2. Талдау;
  3. Шаралар қабылдау;
  4. Қабылданған шараларды бақылау.

 

ҰИК өзінің тәуекелдерін басқару кезінде келесідей негізгі қағидаларды басшылыққа алады:

  • Капитал нарығында өзіңе тәуекел ала отырып қана табыстылықты түрлендіруге болады.
  • Капитал тәуекелдің түрлі деңгейлеріне (төмен, орташа, жоғары) және тәуекелдің әр түріне (қор тәуекелі, пайыздық тәуекел, инфляциялық тәуекел, несиелік тәуекел, жеткіліксіз өтім тәуекелі, құбылмалылық және т.б.) ұшырауы мүмкін.
  • Жоғары ұзақ мерзімді табыстылық жоғары тәуекелдерді қабылдауды қажет етеді, бұл өз ретінде, өзіне тәуекелдерді қабылдау қабілетіне байланысты.
  • Абайсыз  немесе шамадан тыс тәуекелдерді қабылдаудан қорғанудың бірінші линиясы – әртараптандыру болып табылады.
  • Портфельді әртараптандыру қажетті шара. Ол бірнеше бағыттардан тұрады – актив кластары, стратегиялары, уақытша мүмкіншіліктер, салалар, валюталар және т.б. бойынша – ұзақ мерзімді инвестор үшін әртараптандыру тәуекелдің қолданбалы факторлары бойынша жүргізілген уақытта аса тиімді.
  • Тәуекелді қабылдау – инвестициялаудың табиғи бөлшегі болып табылатын төмен табыстылық пен шығындар сияқты қиын кезеңдер болатынымен түсіндіріледі.
  • Біз қысқа мерзімді және орташа мерзімді перспективада егер ұзақ мерзімді перспективада ол үшін жеткілікті сыйақы алатынымызды болжайтын болсақ, жоғары тәуекел қабылдай аламыз. Болжамымыз бойынша жеткілікті шамада орны толтырылмайтын тәуекелдерден аулақ болып, оны хеджерлеп немесе әртараптандырған жөн.