Корпорация қызметкерлерінің айтулы тұлғамен бастамашыл кездесуі

03.06.2021

 

Бүгін Корпорация қызметкерлерін үздіксіз оқыту және Қазақстанның танымал тұлғаларының тәжірибесімен таныстыру бойынша іс-шаралар аясында Корпорация қызметкерлерінің мемлекеттік қайраткер және басқарушы Ораз Әлиұлы Жандосов мырзамен бастамашылық кездесуі өтті.

 

Ораз Әлиұлы білімі бойынша экономист-кибернетик, әр жылдары мемлекеттік қызметте жоғары лауазымдарды атқарды. 1996 жылдан 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшысы қызметін атқарды, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасының бастауында тұрды.

 

 

Ораз Әлиұлы кездесуде мемлекеттік қызметтегі кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қалыптасуына баса назар аударды.

 

 

Біз, өз кезегімізде, Ораз Әлиұлына танымдық кездесу үшін, Корпорация ұжымына берген құнды нұсқаулары үшін алғысымызды білдіреміз және амандық, табыс пен зор денсаулық тілейміз!

 

Артқа
Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.,
Z05T8F6, Мəңгілік Ел даңғылы, 57А
© 2012-2021 NIC NBK.