09.06.2021 ж. "ҚҰБ ҰИК" АҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАУ МАНДАТЫ БОЙЫНША СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІ ІРІКТЕУ ПРОЦЕДУРАСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛДЫ

14.06.2021

«ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ҰЛТТЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАУ МАНДАТЫ БОЙЫНША СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІ ІРІКТЕУ ПРОЦЕДУРАСЫНЫҢ БАСТАЛУЫ ТУРАЛЫ ЖАРИЯЛАЙДЫ.

 

Іріктеу процедурасы туралы қысқа ақпарат

 

Жарияланған мандаттың жалпы сипаттамасы төменде көрсетілген:

 

1.1. Жылжымайтын мүлікке және инфрақұрылымға инвестициялау мандаты бойынша әлеуетті стратегиялық серіктестерге арналған қысқа ақпарат:

 

  • Активтер бастапқы және қайталама жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым қорларына, сондай-ақ бірлескен инвестиция түрінде Солтүстік Америка, Еуропа, Азия және басқа да әлем аймақтары (ТМД елдерінен бөлек) бойынша инвестициялануы мүмкін. Инвестициялау стратегиялары келісілерді қамтиды: core, core plus, value added, opportunistic, debt және басқа;

 

  • Стратегиялық серіктес жылжымайтын мүлікке және инфрақұрылымға инвестициялау саласында дискрециялық (сенімгерлік басқару қызметтері) және дискрециялық емес қызметтерін көрсетеді;

 

 

1.2. Әлеуетті стратегиялық серіктестерге қойылатын ең төменгі талаптар:

 

  • Жылжымайтын мүлікке және инфрақұрылымға инвестициялау мандаты бойынша стратегиялық серіктесі (қорлар қорларының, бөлек шоттардың басқарушысы мен консультант) ретінде жұмыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл болуы тиіс;

 

  • Әлеуетті стратегиялық серіктестің иелігіндегі активтердің жалпы көлемі жылжымайтын мүлік аясында кемінде 2 (екі) миллиард АҚШ долларына, инфрақұрылым аясында кемінде 2 (екі) миллиард АҚШ долларына шамалас болуы тиіс.

 

 

Байланыс ақпарат

 

Жарияланған процедураға қатысуға дайын және жоғарыда көрсетілген ең төменгі талаптарға сай келетін басқарушы компаниялар іріктеу процедурасының өткізілуіне жауапты ҰИК қызметкерлерінен (байланыс ақпаратты төменде қарауыңызды өтінеміз) іріктеу процедурасы және сауалнама (Request for Proposal) бойынша толық ақпаратты алу ушін хабарласа алады.

 

Толтырылған сауалнама Лондон уақыты бойынша 2021 жылғы 30 маусымға дейін ҰИК қызметкерлерінің электрондық поштасына, сондай-ақ келесі мекенжай бойынша пошта арқылы жіберілуі тиіс: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ., Z05T8F6, Мəңгілік Ел даңғылы, 57А.

 

Саенко Александр – Директор, Баламалы инвестициялар департаменті - I;

Тел.: +7 (717) 255 7125, электрондық пошта: sayenko@nicnbk.kz

 

Абдухаликов Мирас – Баламалы инвестициялар департаменті - I;

Тел.: +7 (717) 255 7124, электрондық пошта: abdukhalikov@nicnbk.kz

 

Ұлттық инвестициялық корпорациясы – Баламалы инвестициялар департаменті - I;

Электрондық пошта: pm@nicnbk.kz

 

Артқа
Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.,
Z05T8F6, Мəңгілік Ел даңғылы, 57А
© 2012-2021 NIC NBK.