Тәуекел менеджментінің департаменті
Жайғасым: Сарапшы
Негізгі талаптар:
• жоғары білім (экономикалық/қаржылық / бухгалтерлік есеп және аудит / менеджмент / ақпараттық технологиялар / математикалық / техникалық);
• тәуекел менеджменті, портфельді басқару, консалтинг, аудит немесе инвестициялық банкинг саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі;
• CFA/CFA/FRM/PRM кәсіби сертификатының болуы құпталады;
Негізгі функционалдық міндеттері:
• жеке капитал қорларын, жылжымайтын мүлік қорларын және инфрақұрылым қорларын, хедж-қорларды таңдау бойынша инвестициялық процестерге қатысу;
• қолданыстағы инвестициялау лимиттерінің сақталуын мониторингілеу және бақылау;
• инвестициялық және операциялық тәуекелдерді мониторингілеу және бағалау үшін тиісті бөлімшелерден ақпарат жинау;
• макроэкономикалық көрсеткіштердің мониторингін және негізгі қаржы нарықтарындағы оқиғаларға шолуды жүзеге асыру;
• портфельді стресс-тестілеу және тәуекелдерді азайтуға ұсыныстар дайындау.
Түйіндемені мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: hr@nicnbk.kz "ДРМ сарапшысы"белгісімен.