Вакансия

28.10.2022

 

 

Құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету департаменті

 

Лауазым: Талдаушы

 

Негізгі функционалдық міндеттері:

•кадрларды іріктеу, орналыстару;

•жұмыскерлерді қабылдауға, ауыстыруға, еңбек қызметіне және жұмыстан босатуға, жұмыс уақытын есепке алуға, демалыс беруге, іссапарларға жіберуге, қызметкерлерді бағалау және нәтижелеріне байланысты кадрларды есепке алу жөніндегі құжаттаманы дайындау;

•жұмыскерлерді оқыту шарттарын дайындау;

•жұмыскерлерге олардың қазіргі және өткен еңбек қызметі, жеке істері туралы анықтамаларды ресімдеу және беру, еңбек кітапшалары мен өзге де құжаттарды сақтау және толтыру қағидаларын сақтау;

•кадрлар бойынша басқа белгіленген құжаттаманы ресімдеу;

•корпорация персоналы туралы деректер банкіне тиісті ақпаратты енгізу;

•бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ішкі және сыртқы есептілікті дайындау;

 

Талаптар:

Білімі бойынша: жоғары кәсіптік білім

Жұмыс тәжірибесі: жұмыс тәжірибесіне талаптар қойылмайды

 

Арнайы білім мен дағдылар:

•мемлекеттік, орыс тілдерін меңгеру;

•құқық магистрі дәрежесінің болуы артықшылық болып табылады;

•HR сертификаттарының болуы артықшылық болып табылады;

•Корпорацияның жарғылық қызметіне жататын Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу;

•Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін және персоналды басқару жөніндегі ұйымның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді; кадрлармен және олардың қозғалысымен байланысты құжаттаманы ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібін білу;

•Кадрлық менеджмент негіздерін білу.

 

Түйіндемені «ҚКҚеД Талдаушы» белгісімен келесi мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз: hr@nicnbk.kz ".

Артқа
Қазақстан, Астана қ.,
Z05T8F6, Мəңгілік Ел даңғылы, 57А
© 2012-2023 NIC NBK.