Корпорация Басқармасы Төрағасының Орынбасарын тағайындау туралы

16.07.2020

 

Акционердің шешімімен 2020 жылдың 16 шілдесінен бастап Ғалым Сабыржанұлы Бектемісов «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ (бұдан әрі - Корпорация) Басқарма Төрағасының орынбасары болып сайланды. Жаңа қызметінде инвестициялық блокты басқаратын болады.

 

Ғалым Бектемісов 2016 жылдан бастап Корпорацияда жұмыс істейді және Инвестициялық комитеттің мүшесі болып табылады. Соңғы жылдары ол Корпорацияның балама инвестициялар департаментіне-I басшылық етіп, ол жерде меншікті капитал (private equity and venture capital) мен жылжымайтын мүлікке арналған инвестициялық бағдарламаларды басқарды.

 

2011-2016 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің монетарлық операциялар департаментінде алтынвалюта активтерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының портфелін басқару саласында жұмыс істеді.

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша Торонто университетін (Канада) ерекше үздік дипломмен бітірді. Chartered Financial Analyst (CFA) сертификатының иегері.

Артқа
Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.,
Z05T8F6, Мəңгілік Ел даңғылы, 57А
© 2012-2021 NIC NBK.