«Бір планетаның ұлттық әл-ауқат қорлары» бастамасына қосылу туралы

16.09.2020

 

2020 жылғы 5 маусымда «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ «Бір планетаның ұлттық әл-ауқат қорлары» (One Planet Sovereign Wealth Funds) бастамасына қосылды.

 

 

Бастаманы 2017 жылдың желтоқсанында алты құрылтайшы құрды:

  • Abu Dhabi Investment Authority
  • Kuwait Investment Authority
  • NZ Super Fund
  • Public Investment Fund
  • Qatar Investment Authority
  • Norges Bank Investment Management

 

Жалпы, бастаманың алты мүшесі 3 триллион АҚШ долларын құрайтын активтерді басқарады. Бұл бастаманың негізгі мақсаты - климаттың өзгеруін талдауды ірі, ұзақ мерзімді және әртараптандырылған активтер пулының инвестициялық шешім қабылдау процесіне интеграциялауды жеделдету. Бастаманың мақсатын орындау үшін мүшелер «Бір планетаның ұлттық әл-ауқат қорлары» бастамасының үш қағидасын қолдайды: дәйектілік, меншік құқығы, интеграция.

Артқа
Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.,
Z05T8F6, Мəңгілік Ел даңғылы, 57А
© 2012-2020 NIC NBK.