2020 жылғы 20 қарашада «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ онлайн пішімде болған One Planet Sovereign Wealth Funds 3-ші жыл сайынғы саммитіне қатысты. Мақсаты климаттың өзгеруіне байланысты мәселелерді шешу жөніндегі шараларды қарастыру болып табылған іс-шараға Францияның президенті Эммануэль Макрон және 33 жетекші егеменді қорлар мен активтерді басқару компаниялары қатысты.
Саммит аясында президент Эммануэль Макрон және қатысушылар жауапты инвестициялау бойынша қолданылатын тәсілдердің дамуын, климаттың жаһандық өзгеруіне байланысты туындайтын компаниялардың қаржылық тәуекелдері туралы ақпаратты ерікті ашуға қатысты ұсынымдарды енгізу бойынша шараларды талқылады. Саммит қатысушылары сонымен қатар Covid-19 салдарынан елдердің экономикаларын тұрақты қалыптастыру қажеттілігін және энергияның жаңартылатын көздеріне қосымша инвестициялар тарту қажеттілігін және климат саласындағы мәселелер шешімін талқылады.
Саммит қорытындылары бойынша бастаманың қатысушылары есептіліктің жаһандық стандарты ретінде климатқа байланысты Қаржылық ақпаратты ашу жөніндегі жұмыс тобының (TCFD) ұсынымдарын қолдау туралы өтінішпен сөз сөйледі.
Анықтамалық түрінде:
2017 жылдың желтоқсанында алты құрылтайшы мүше бастаманы құрды.
2018 жылы бағдарламаны іске қосқан мезеттен бастап, бастама қатысушыларының саны жалпы сомасы 3 триллион АҚШ долларын құрайтын басқару активтерімен алты қатысушыдан 30 триллионнан астам АҚШ долларын құрайтын активтердің жалпы көлемімен отыз үшке өсті. Осы бастаманың негізгі мақсаты ұзақ мерзімдік деңгейлермен ірі инвесторлардың инвестициялық шешімдерді қабылдау процесіне климаттың өзгеруіне байланысты аспектілердің талдануын қосуды жеделдету болып табылады. Осы мақсатты іске асыру үшін бастама қатысушылары үш қағиданы ұстанады: мақсаттарды синхрондау, жауапкершілік пен шоғырлау.
2020 жылғы 5 маусымда «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ One Planet Sovereign Wealth Funds бастамасына қосылды.