Корпорацияның қызметкерлері бұл Корпорацияның стратегиялық мақсаты - тәуелсіз активтерді жоғары тиімді басқарушы болу мақсатын жүзеге асыратын кәсіпқойлар командасы.
Корпорация нәтижелерге тиісті түрде қол жеткізуді қамтамасыз ететін жоғары білікті қызметкерлерді дамыту және қолдауға арналған адами ресурстарға инвестициялауға бағытталған.
Корпорацияның басым мақсаттары еңбектің оңтайлы жағдайларын жасау және кәсіби дағдыларды ұдайы арттыруға ынталандыру, сондай-ақ барлық қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Корпорация қажетті дағдылары мен құзыреттілігі бар сарапшылар тобына қосылуға дайын және өмірлік қағидаттары мен көзқарастары Корпорацияның корпоративтік мәдениетіне сәйкес келетін қойылған мақсаттарға қол жеткізуге ұмтылатын үміткерлерді қолдайды.
Қызметкерлерді іріктеу аясында Корпорация тиісті үміткерлерді іздеуге және Компанияның сенімді жұмыс беруші ретіндегі имиджін нығайтуға бағытталған халықаралық тәжірибесін пайдаланады.