2012 жылы Қазақстан Республикасының халықаралық резервтерін басқарудың тиімділігін арттыру және әртараптандыру мақсатында Корпорация құрылды. Корпорация қызметінің негізгі бағыты активтердің баламалы сыныптарына: жеке капиталға, жылжымайтын мүлікке, инфрақұрылымға және хедж-қорларға белсенді инвестициялау болып табылады.
Портфельді басқару кезінде Корпорация ҚР ҰБ Басқармасы бекіткен инвестициялық стратегияны басшылыққа алады. Стратегия инвестициялаудың көкжиегін,тәуекел-тәбетін, табыстылықтың мақсатталған параметрлерін және инвестициялық шектеулерді анықтайды. Стратегияға сәйкес Корпорацияға арналған мақсатты кірістілік пен тәуекел-тәбетті анықтау ретінде Reference Portfolio — жаһандық акциялардың 80%-нан және жаһандық облигациялардың 20% - нан тұратын төмен-шығынды және пассивті басқарылатын портфель қызмет етеді.
Корпорацияның портфелін басқару мақсаты тәуекелдің тең немесе одан төмен деңгейінде кезінде Reference portfolio табыстылығынан асатын кірістіліктің ұзақ мерзімді көкжиегін қамтамасыз ету болып табылады.
Корпорацияның нысаналы портфелі активтердің үш санаты бойынша әртараптандырылады:
Корпорация инвестицияларды баламалы активтерге «Core-Satellite» әдісімен қорларға инвестициялау жолымен басым түрде жүргізеді. Өзегi ретінде (Core) ірі әртараптандырылған қорлардың инвестициялары болады. Спутниктер (Satellite) - кірістілікті арттыруға немесе тәуекелдерді азайтуға арналған арнайы құрылған кіші көлемді қорлар болып табылады.
корпорацияның тікелей басқаруындағы ірі жаһандық қорларға тікелей инвестициялар
стратегиялық серіктестің басқаруындағы арнайы қорлар мен стратегияларға инвестициялар
Стратегия, сала және география тұрғысынан әртараптандырылған портфельді құруға бағытталған жеке капиталға инвестициялар. Жеке капиталға инвестициялар активтердің қарқынды санатына жатады.
Негізгі қызметі жылжымайтын мүліктің әртүрлі санаттарын, стратегияларды және географияны қамтитын жылжымайтын мүлік объектілеріне инвестициялау болып табылатын қорларға инвестициялар. Жылжымайтын мүліктің қорларына инвестициялар әртараптандыру-активтер санатына жатады.
Белгілі бір стратегияға сәйкес инвестициялау үшін құрылған инвестициялық қорлар және қаржы құралдарының әртүрлі типтері. Хедж-қорларға инвестициялар тәуекел медиаторларының санатына жатады.
Инвестициялаудың негізгі бағыты инфрақұрылым объектілері болып табылатын қорларға инвестициялар. Инфрақұрылымға инвестициялар әртараптандыру-активтер санатына жатады.
Корпорациядағы тәуекел-менеджмент тәжірибе, тұрақты оқыту және технологиялық дамудың негізінде құрылған
Тәуекел-менеджмент алдын алуға, ден қоюға, тиімді ақпараттандыруға және тәуекелдерді төмендетуге бағытталған