Астана, 2026 жылғы 2 наурыз
Таңдау процедурасының қысқаша мазмұны
Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы (ҰИК) «Ашық инвестициялық серіктестік» (OIP) бағдарламасы үшін басқарушыларды ресми іріктеу процесінің басталғаны туралы хабарлайды.
Бағдарлама Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы жеке капитал (Private Equity), инфрақұрылымға және жеке кредиттеуге (Private Credit) бағытталған, бұл ретте стратегиялық мақсат — қаражаттың 70%-на дейінгі бөлігін Қазақстанға бөлу. Таңдалған компаниялар өздеріне берілген мандаттар шеңберінде портфельдерді басқаруға жауапты болады.
Іріктеу процесі «Ашық инвестициялық серіктестік» бағдарламасының стратегиялық мақсаттарына сәйкес келетін және дамып келе жатқан нарықтарға инвестициялауда жоғары нәтижелер көрсеткен серіктестерді анықтауға бағытталған. Институционалдық сапаны қамтамасыз ету үшін үміткерлер келесі минималды критерийлерге сай болуы тиіс:
Минималды талаптарға сай келетін және іріктеу процесіне қатысуға ниет білдірген компаниялар Ұсыныс беруге сұранымды (RFP) және рәсімдер туралы толық ақпаратты алу үшін ҰИК тобына (байланыс мәліметтері төменде көрсетілген) хабарласа алады.
Толтырылған RFP сауалнамалары 2026 жылғы 31 наурызға дейін төменде көрсетілген электрондық пошта мекенжайларына цифрлық форматта жіберілуі тиіс.
Байланыс мәліметтері:
Нариман Алибаев – Жеке капитал, Ашық инвестициялық серіктестік және Жеке кредиттеу департаментінің басшысы Тел: +7(7172) 55 71 00 (ішкі 185)
Email: alibayev@nicnbk.kz
Ұлттық инвестициялық корпорация – Жеке капитал және Ашық инвестициялық серіктестік тобы
Email: pe@nicnbk.kz»