ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ӨТІНІШ
Заң басқармасы
Талдаушы
(бос позиция)
Негізгі функционалдық міндеттері:
- Корпорацияның басқа құрылымдық бөлімшелеріне әртүрлі құқықтық мәселелер, жобалар бойынша кеңес беру, құқықтық қорытынды дайындау
- Сенімхаттар, шарттар, ішкі құжаттар және келісімдердің жобаларын жасау және келіссөздер жүргізу
- Аудиттік тексерістерде қолдау көрсету, сот істерін жүргізуді жүзеге асыру
- Корпорацияның қызметіне қатысты заңдағы өзгерістерді қадағалап отыру
- Басқарма басшысының тапсырмаларын орындау
Талаптар:
- Білімі: Құқық, халықаралық құқық/коммерциялық құқық саласындағы бакалавр деңгейінің болуы (талап етіледі), LLM (артықшылық болып табылады)
- Халықаралық, коммерциялық немесе шарттық құқық саласында және құқықтық келісімдер жасаудағы тәжірибесінің болуы (артықшылық болып табылады)
- Құқықтық талдау жасау, құқықтық құжаттарды жазу және жасау, талдаушылық, күрделі мәселелерді шешу және коммуникациялық дағдыларының болуы
- Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін білуі
Жұмыс сипаты (тұрақты, уақытша):
Тұрақты
Жұмыс орны (тұрақты жұмыс орны, іссапар мүмкіндігі):
Іссапарлар болуы мүмкін
Сынақ мерзімі:
3 ай
Таңдау көзі (ішкі немесе сыртқы):
Ішкі және сыртқы
Түйіндемені «Заң Басқармасына Талдаушы» белгісімен келесі мекенжайға жіберуді сұраймыз: hr@nicnbk.kz