Вакансия: Стратегия басқармасының талдаушысы

20.04.2026

 

ПЕРСОНАЛДЫ ІРІКТЕУГЕ ӨТІНІМ

Стратегия басқармасы
 

Талдаушы

 

Негізгі функционалдық міндеттері:

 

Корпорацияның инвестициялық процестеріне қатысу, атап айтқанда:

 

  • Сенімгерлік басқарудағы активтерді басқарудың жалпы саясатын, стратегиясын және тактикасын айқындау процесіне қатысу;
  • Сенімгерлік басқарудағы активтерді инвестициялау, әртараптандыру және басқаруды оңтайландыру бойынша Корпорацияның Инвестициялық комитетінің қарауына ұсыныстарды дайындау;
  • Инвестициялық стратегия жобасын әзірлеуге қатысып, және оған өзгертулер енгізу бойынша ұсыныстар жасау;
  • Корпорацияның басқаруындағы активтерді үлестіру және қажет болған жағдайда оларды қайта қарау бойынша ұсыныстарды әзірлеу;
  • Балама активтерді тиісті нарықтарға инвестициялау шеңберінде стратегиялар мен географияларға талдау жүргізу;
  • Басқарманың инвестициялық ұсыныстарын корпорацияның Инвестициялық комитетінің қарауына шығару, сондай-ақ Басқарманың қызметіне қатысты мәселелер бойынша материалдар дайындауды қамтамасыз ету;
  • Инвестициялық комитеттің сұранысы бойынша инвестициялық шешімдерді қабылдау шеңберінде ұсыныстарға қорытындылар дайындау.

 

Ішкі құжаттарды дайындауға және бекітуге қатысу, атап айтқанда:

 

  • Заңды құжаттарды дайындау және тиісті бөлімшелердің келісімін алу;
  • Корпорацияның серіктестерімен, кеңесшілерімен және қызмет берушілерімен жұмыс жасау.

 

Бизнес-процестерді оңтайландыру:

 

  • Басқарманың бизнес-процестерін жақсартуға/автоматтандыруға қатысу;
  • Бизнес-процестерді басқа бөлімшелермен үйлестіру.

 

Талаптар:

 

Білімі:

Жоғары кәсіптік білім (экономикалық/қаржылық/бухгалтерлік есеп және аудит/математикалық).

 

Жұмыс өтілі:

Сарапшы позициясы - бұл позицияға талап етілмесе де, активтерді басқару, портфельді басқару, консалтинг, бағалау, аудит, инвестициялық банкинг, немесе сол саладағы мамандық бойынша тәжірибенің болғаны үміткерге артықшылық береді.

 

Арнайы білім мен дағдылар:

 

  • өз ойларын жазбаша және ауызша сауатты жеткізе білу;
  • MS Office (Excel, PowerPoint, Word) құралдарымен жұмыс істеудің озық дағдылары;
  • CFA, CAIA, CIPM немесе соған ұқсас кәсіби сертификаттардың болуы, немесе осы сертификаттарды алу дайындығы барысында болу үміткерге басымдылық береді;
  • сандық деректерді де, заңды құжаттарды да қоса алғанда, үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеу тәжірибесінің болуы үміткерге басымдылық береді;
  • терең инвестициялық талдау жүргізуде және талдамалық мақалалар жазуда тәжірибенің болуы үміткерге басымдылық береді.

 

Жеке сипаттамалары:

жауапкершілік, жұмысқа адалдық, егжей-тегжейге мұқият болу, бастамашылдық, еңбекқорлық және кәсіби қарым-қатынас дағдылары.

 

Шет тілдерді білу:

ағылшын тілін еркін меңгерген.

 

Жұмыс сипаты (тұрақты, уақытша):

Тұрақты

 

Жұмыс орны (тұрақты жұмыс орны, іссапар мүмкіндігі):

Іссапарлар болуы мүмкін

 

Сынақ мерзімі:

3 ай

 

Таңдау көзі (ішкі немесе сыртқы):

Ішкі және сыртқы

 

Резюмені келесі электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: hr@nicnbk.kz «Аналитик УС» белгісімен

Артқа
Қазақстан, Астана қ.,
Z05T8F6, Мəңгілік Ел даңғылы, 57А
© 2012-2026 NIC NBK.