Вакансия: Инвестициялық операциялар департаментінің талдаушысы

22.04.2026

 

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ӨТІНІШ

Инвестициялық операциялар департаменті

 

Аналитик

 

Негізгі функционалдық міндеттері:

 

  • Инвестициялық портфель және активтердің жекелеген сыныптары бойынша есеп жүргізу:
  • Портфельдер бойынша деректерді жинауды және шоғырландыруды жүзеге асыру;
  • Бастапқы деректерді өңдеу, соның ішінде сауда мәмілелерін енгізу, облигациялар бойынша купондар мен өтеулерді, акциялар бойынша дивидендтерді есептеу, қаржы құралдарын күнделікті қайта бағалау, сондай-ақ кірісті есептеу үшін қажетті басқа да операцияларды жүргізу;
  • Активтерді басқарудың кірістілігіне талдау жүргізу, оның ішінде Қор мен стратегиялардың портфель кірістілігіне қосқан үлесін бағалау;
  • Клиенттік активтердің сыныптар, стратегиялар, кредиттік рейтингтер, география, экономика секторлары және басқарушылар бойынша бөлінуін талдау;
  • Корпорацияның инвестициялық комитетінің/Директорлар кеңесінің отырыстарына ұсыну үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жіберу үшін әр түрлі кезеңділікпен (күнделікті, апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептер) активтердің барлық сыныптары бойынша басқарушылық, қаржылық есептілікті қалыптастыру;
  • Кастодианмен, әкімшімен таза активтер құнын салыстыру/растау рәсімдерін жүргізу;
  • Клиенттік активтерді сыртқы басқарушыға/сыртқы басқарушылардан аударуды жүзеге асыру;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
  • Басқару бизнес процестерін автоматтандыру/жетілдіру.

 

  •  Жеке капитал, жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым және хедж-қорларды іріктеу кезінде операциялық дью-дилидженсті жүргізу:

 

  • Қорларды таңдау процесі: қорлардың дерекқорларымен жұмыс істеу, қорлармен қоңыраулар мен кездесулер өткізу, операциялық дью-дилидженсті жүргізу, инвестициялық шешімдер қабылдау үшін материалдар дайындау;
  • Талдау жүргізу шеңберінде басқа бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау;
  • Инвестициялық комитет пен Директорлар кеңесі үшін материалдарды  дайындау.

 

  •  Ағымдағы қорлардың/басқарушылардың/SPV операциялық процестерінің/шығыстарының мониторингін жүргізу:

 

  • Сыртқы басқарушылардың, әкімшінің, аудитордың қызметтері үшін комиссиялардың және басқа да транзакциялық шығыстардың мониторингін жүзеге асыру;
  • Инвестициялық комитетте SPV шығыстар болжамын жасау және бекіту;
  • SPV қаржылық есептілігін талдау және SPV нақты шығындарын талдау;
  • Ағымдағы қорлардың/басқарушылардың операциялық процестеріне мониторинг жүргізу, Қызмет көрсетушілердің операциялық тұрақтылығын тексеру;
  • Мониторинг нәтижелері бойынша есептер мен презентациялар дайындау.
  • Тікелей басшының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру және Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да шешімдер қабылдау.

 

Талаптар:

 

Білім:

Жоғары кәсіптік білім (экономикалық/қаржылық/бухгалтерлік есеп және аудит/математикалық).

 

Еңбек өтілі:

Аналитик позициясына – бұл позицияға қолданылмайды; дегенмен, активтерді басқару, портфельдік талдау, корпоративтік қаржы, қаржылық модельдеу, қаржылық жоспарлар мен қаржылық есептілікті жасау тәртібі немесе онымен байланысты салаларда мамандық бойынша тәжірибенің болуы қалаулы.

 

Арнайы білім мен дағдылар:

 

  • мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру, жазбаша құжаттарды сауатты және дұрыс құрастыра білу;
  • қаржылық есептілікті жасау және талдау бойынша білім;
  • сандық және сапалық деректердің үлкен көлемімен жұмыс тәжірибесі;
  • жеке капитал, жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым қорларының терминологиясы мен көрсеткіштерін түсіну;
  • кәсіби сертификаттаудың болуы (CFA, CFA, FRM, PRM) үлкен артықшылық болады;
  • MS Office (Excel, PowerPoint, Word) құралдарымен сенімді жұмыс істеу дағдылары;
  • макрос жасау дағдылары немесе бағдарламалау тілдерін білу артықшылық болады.

 

Жеке қасиеттері:

жауапкершілік, адалдық, мұқияттылық, бастамашылық, орындаушылық және қарым-қатынасқа ашықтық.

 

Шет тілдерін білу:

ағылшын тілінде еркін сөйлеу.

 

Жұмыс сипаты (тұрақты, уақытша):

Тұрақты

 

Жұмыс орны (тұрақты жұмыс орны, іссапар мүмкіндігі):

Іссапарлар болуы мүмкін

 

Сынақ мерзімі:

3 ай

 

Таңдау көзі (ішкі немесе сыртқы):

Ішкі және сыртқы

 

Түйіндемені «Аналитик ДИО» белгісімен келесі мекенжайға жіберуді сұраймыз: hr@nicnbk.kz

Артқа
Қазақстан, Астана қ.,
Z05T8F6, Мəңгілік Ел даңғылы, 57А
© 2012-2026 NIC NBK.