Қазынашылық
Аға сарапшысы
Негізгі функционалдық міндеттері:
- өтімділікті және ақша қаражатын басқару;
- халықаралық және ішкі қаржы нарықтарында қаржы құралдарымен операциялар жүргізу;
- облигациялар мен акциялар портфельдерін басқару;
- цифрлық активтермен операциялар жүргізу және мемлекеттік крипторезервті басқаруға қатысу;
- портфельдердің кірістілігі мен тәуекелдеріне мониторинг жүргізу;
- бос ақша қаражатын инвестициялау жөнінде ұсыныстар дайындау;
- макроэкономикалық және нарықтық талдау жүргізу;
- инвестициялық идеяларды, сондай-ақ портфельдерді қайта теңгерімдеу және хеджирлеу жөнінде ұсыныстар дайындау;
- халықаралық банктермен, брокерлермен және кастодиандармен жұмыс жүргізу;
- Bloomberg, Reuters, SimCorp және KASE жүйелерін пайдалана отырып, инвестициялық және сауда процестерін дамыту және автоматтандыру.
Талаптар:
- экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит, математика немесе техникалық ғылымдар саласындағы жоғары кәсіптік білім;
- портфельдік басқару және/немесе дәстүрлі қаржы құралдарына инвестициялау саласында кемінде екі жыл жұмыс тәжірибесі;
- қаржы нарықтарының жұмыс істеу қағидаттарын терең түсіну және сауда операцияларын, соның ішінде цифрлық активтермен операцияларды жүргізу тәжірибесі;
- Bloomberg және басқа да кәсіби ақпараттық және сауда жүйелерін сенімді меңгеру;
- CFA немесе осыған ұқсас кәсіби сертификаттың болуы артықшылық болып саналады.
Тілдерді білу:
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білу қажет.
Жұмыс сипаты:
Тұрақты.
Жұмыс жағдайлары:
Корпорацияның талаптарына сәйкес.
Жұмыс орны:
Астана қаласы, іссапарлар болуы мүмкін.
Сынақ мерзімі:
3 ай.
Іріктеу көзі:
Сыртқы.
Түйіндемені хат тақырыбында «Қазынашылықтың аға сарапшысы» деп көрсетіп, hr@nicnbk.kz электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.