ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ӨТІНІШ
Инвестициялық операциялар департаменті
Аналитик
Негізгі функционалдық міндеттері:
- Инвестициялық портфель және активтердің жекелеген сыныптары бойынша есеп жүргізу:
- Портфельдер бойынша деректерді жинауды және шоғырландыруды жүзеге асыру;
- Бастапқы деректерді өңдеу, соның ішінде сауда мәмілелерін енгізу, облигациялар бойынша купондар мен өтеулерді, акциялар бойынша дивидендтерді есептеу, қаржы құралдарын күнделікті қайта бағалау, сондай-ақ кірісті есептеу үшін қажетті басқа да операцияларды жүргізу;
- Активтерді басқарудың кірістілігіне талдау жүргізу, оның ішінде Қор мен стратегиялардың портфель кірістілігіне қосқан үлесін бағалау;
- Клиенттік активтердің сыныптар, стратегиялар, кредиттік рейтингтер, география, экономика секторлары және басқарушылар бойынша бөлінуін талдау;
- Корпорацияның инвестициялық комитетінің/Директорлар кеңесінің отырыстарына ұсыну үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жіберу үшін әр түрлі кезеңділікпен (күнделікті, апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептер) активтердің барлық сыныптары бойынша басқарушылық, қаржылық есептілікті қалыптастыру;
- Кастодианмен, әкімшімен таза активтер құнын салыстыру/растау рәсімдерін жүргізу;
- Клиенттік активтерді сыртқы басқарушыға/сыртқы басқарушылардан аударуды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
- Басқару бизнес процестерін автоматтандыру/жетілдіру.
- Жеке капитал, жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым және хедж-қорларды іріктеу кезінде операциялық дью-дилидженсті жүргізу:
- Қорларды таңдау процесі: қорлардың дерекқорларымен жұмыс істеу, қорлармен қоңыраулар мен кездесулер өткізу, операциялық дью-дилидженсті жүргізу, инвестициялық шешімдер қабылдау үшін материалдар дайындау;
- Талдау жүргізу шеңберінде басқа бөлімшелермен өзара іс-қимыл жасау;
- Инвестициялық комитет пен Директорлар кеңесі үшін материалдарды дайындау.
- Ағымдағы қорлардың/басқарушылардың/SPV операциялық процестерінің/шығыстарының мониторингін жүргізу:
- Сыртқы басқарушылардың, әкімшінің, аудитордың қызметтері үшін комиссиялардың және басқа да транзакциялық шығыстардың мониторингін жүзеге асыру;
- Инвестициялық комитетте SPV шығыстар болжамын жасау және бекіту;
- SPV қаржылық есептілігін талдау және SPV нақты шығындарын талдау;
- Ағымдағы қорлардың/басқарушылардың операциялық процестеріне мониторинг жүргізу, Қызмет көрсетушілердің операциялық тұрақтылығын тексеру;
- Мониторинг нәтижелері бойынша есептер мен презентациялар дайындау.
- Тікелей басшының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру және Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да шешімдер қабылдау.
Талаптар:
Білім:
Жоғары кәсіптік білім (экономикалық/қаржылық/бухгалтерлік есеп және аудит/математикалық).
Еңбек өтілі:
Аналитик позициясына – бұл позицияға қолданылмайды; дегенмен, активтерді басқару, портфельдік талдау, корпоративтік қаржы, қаржылық модельдеу, қаржылық жоспарлар мен қаржылық есептілікті жасау тәртібі немесе онымен байланысты салаларда мамандық бойынша тәжірибенің болуы қалаулы.
Арнайы білім мен дағдылар:
- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру, жазбаша құжаттарды сауатты және дұрыс құрастыра білу;
- қаржылық есептілікті жасау және талдау бойынша білім;
- сандық және сапалық деректердің үлкен көлемімен жұмыс тәжірибесі;
- жеке капитал, жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым қорларының терминологиясы мен көрсеткіштерін түсіну;
- кәсіби сертификаттаудың болуы (CFA, CFA, FRM, PRM) үлкен артықшылық болады;
- MS Office (Excel, PowerPoint, Word) құралдарымен сенімді жұмыс істеу дағдылары;
- макрос жасау дағдылары немесе бағдарламалау тілдерін білу артықшылық болады.
Жеке қасиеттері:
жауапкершілік, адалдық, мұқияттылық, бастамашылық, орындаушылық және қарым-қатынасқа ашықтық.
Шет тілдерін білу:
ағылшын тілінде еркін сөйлеу.
Жұмыс сипаты (тұрақты, уақытша):
Тұрақты
Жұмыс орны (тұрақты жұмыс орны, іссапар мүмкіндігі):
Іссапарлар болуы мүмкін
Сынақ мерзімі:
3 ай
Таңдау көзі (ішкі немесе сыртқы):
Ішкі және сыртқы
Түйіндемені «Аналитик ДИО» белгісімен келесі мекенжайға жіберуді сұраймыз: hr@nicnbk.kz